1.
Жалпы ережелер
1.1 Кітапхананы қолдану ережесі – оқырманның кітапханамен арақатынасын
реттейтін құжат және оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың, қорларды
пайдаланудың жалпы тәртібін кітапхана мен оқырмандардың құқықтары мен
міндеттерін белгілейді;
1.2 «Маңғыстау облыстық медицина колледжі» кітапханасы – өз
оқырмандарына қызмет көрсетуде, кітап қорын пайдалануда олардың мамандығы мен
білім деңгейіне, жынысына, ұлтына т.б. шектеу қойылмайды.
2.
Кітапхананы қолдану
тәртібі
2.1 Кітапхана қорын қолдануға білім алушылар, оқытушылар, қызметкерлер
құқылы. Басқа категориядағы оқырмандарға кепілдік жүйе тәртібінде қызмет
көрсетіледі.
2.2 Кітапханалық қызмет көрсетудің негізгі түрлері тегін.
2.3 Әдебиеттерді үйге беру абонементте жүзеге асырылады. Кітаптың соңғы
немесе жалғыз данасы үйге берілмейді. Оқу залындағы кітаптарды кітапханашының
рұқсатынсыз залдан шығаруға болмайды.
2.4 Кітапханаға жазыларда оқырмандар кітапхананы пайдалану қағидаларымен
танысуы тиіс. Оқырманның жеке куәлігі, жоғары оқу орнынан тиісті құжаты, өлшемі
3х4 фотосуреті, қызметі, немесе оны алмастыратын құжатын көрсету қажет.
2.5 Білім алушыларға оқырман билеті ашылып, толтырылады, оқытушылар мен
қызметкерлерге – оқырман формуляры. Оқырмандар кітапханаға жазылу кезінде
алдымен кітапхана қорын пайдалану ережелерімен танысады және оларды міндетті
түрде орындау керектігімен танысу дәлелі ретінде оқырман формулярына өз
қолтаңбасын қояды.
2.6 Оқырман формуляры бір жыл мерзіміне жарамды. Бұл формулярлар оқырманға
баспа туындыларының берілгені мен оларды кітапхана қызметкерінің қабылдаған
фактісі мен күнін растайтын құжаттар болып табылады. Кітапхана жыл сайын өз
оқырмандарын алған кітаптарын өткізуіне орай қайта тіркейді.
2.7 Колледжден кеткен оқырмандар алған кітаптарын толық өткізеді.
2.8 Оқырмандар әдебиеттерді, басқа да баспа түрлерін немесе кітапханада
сақталатын материалдарды тексеріп алады, егер ақау болған жағдайда
кітапханашыға айтады, кері жағдайда кітаптағы ақаулар үшін оны соңғы қолданған
оқырман жауап береді.
2.9 Кітапхананы қолдану ережесін бұзған, кітапханаға зиян келтірген
оқырмандар кітапхананы қолдану ережесімен және заңмен қарастырылатын әкімшілік
және материалдық жауап береді. Кітапхана қорындағы әдебиеттерді, басқа да баспа
түрлерін немесе кітапханада сақталатын материалдарды жоғалтқан немесе зиян
келтірген оқырмандар жауап береді.
2.10 Оқырман баспа туындыларын жоғалтқан және пайдалануға жарамсыз еткен
жағдайда жауапты оқырмандар оларды сондай немесе кітапхана құны мен мазмұны бірдей
деп таныған басылымдармен алмастыруға, ал алмастыру мүмкін болмаған жағдайда –
олардың шынайы нарықтық құнын өтеуге міндетті. Әрбір бағалы басылымдар үшін 10
есе нарықтық құны алынады. Жоғалған баспа туындыларының құны кітапхананың мүлік
кітабында көрсетіледі. Оқырмандардың жоғалтқан және зиян келтірген
басылымдардың орнын толтыру мерзімін кітапханашы белгілейді.
3.
Абонементті қолдану
ережесі
3.1. Абонементтегі әдебиеттер үйге келесі мерзімдерге беріледі:
жалпы ғылымдар әдебиеттері жыл бойына беріледі, кітап санына шектеу
қойылмайды;
оқу және әдістемелік әдебиеттер сәйкес пәнді оқуға беріледі;
данасы шектеулі оқу әдебиеттері «Түнгі абонементке» беріледі және таңертең
сабақ басталарда қайтарылады. Түнге алынған әдебиеттердің уақытында қайтарылуы
бақыланып отырылады;
Көркем әдебиеттер 10 күнге беріледі, 5 данадан аспауы керек;
мерзімдік басылымдар 2-3 күнге беріледі.
3.2 Егер материалдарға оқырман тарапынан сұраныс болмаған жағдайда қолдану
мерзімі ұзартылуы мүмкін немесе басылым 1 дана және сұранысқа ие болған
жағдайда қолдану мерзімі қысқартылады.
3.3 Оқырман әрбір алған басылым үшін басылым формулярына қолтаңбасын қояды.
3.4 Топ сабақтарында қолданылатын әдебиеттер оқытушылардың сұранысы бойынша
беріледі және «Оқу сабақтарына берілетін кітаптар» журналына жазылады. Топ
сабақтарына алынған әдебиеттерге кезекші білім алушы немесе оқытушы жауап
береді.
4.
Оқу залын қолдану ережесі
4.1. Оқу залында кітаптар студенттік билет немесе жеке куәлігін көрсеткен
жағдайда беріледі.
4.2. Берілген кітаптар «Оқу залында оқу әдебиеттерін беру» журналына
тіркеледі.
4.3. Оқу залына жеке заттарымен, кітапхана кітаптарымен,
журналдармен, газеттермен және баспа материалдарымен кіруге рұқсат етілмейді.
4.4. Оқу залынан әдебиеттерді алып шығуға тыйым салынған. Бұл ереже
бұзылған жағдайда оқырмандар ереже бұзу дәрежесіне сәйкес кітапханашы
белгілеген мерзімге кітапхананы қолдану құқығынан айырылады.
5.
Оқырмандардың құқықтары
мен жауапкершіліктері
5.1. Оқырмандар мыналарға құқылы:
кітапхана көрсететін негізгі кітапхана – ақпарат қызметін тегін
пайдалануға;
ақпарат көздерін іздестіру мен тандауда кеңесшілік қызмет алуға;
кітапханада электронды техника болған жағдайда Интернет, басқа да
ақпаратық қызметтерін пайдалануға
5.2. Оқырмандар мыналарға міндетті:
әдебиет алу үшін студенттік билетін немесе жеке куәлігін көрсетуге және
әрбір басылымның кітап формулярына әрбір басылым үшін қолтаңбасын қоюға;
кітаптарға, баспа туындыларына, басқа да материалдарға және кітапхана
мүлкіне ұқыппен қарауға;
кітапханадан алған басылымдарды белгіленген мерзімде қайтаруға.
5.3. Оқырманға мыналар рұқсат етілмейді:
кітапханаға сыртқы киіммен кіру;
кітапханаға және оқу залына жеке және кітапхана кітаптарымен, газет –
журналдармен, баспа туындыларының кесінділерімен, басқа да баспа
материалдарымен кіру. Сондай-ақ кескіш саймандармен, желім, көлемі 30х25см
үлкен емес сөмкемен, қалың полиэтиленді пакетпен, жүк және тамақпен кіру;
кітапхана бөлмелерінде тәртіп пен тыныштық бұзу;
кітапханадан кітапханашының тексеруінен өтпеген, өздері қол қоймаған
басылымдарды алып шығу;
кітапхана басылымдарын бүлдіру (оларға белгі салу, сызу, парақтарын жырту,
мұқабасын бүгу, т.т.);
қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіру.
6.
Кітапхананың құқықтары
мен жауапкершіліктері
6.1. Кітапхана оқырмандарға Кітапхана туралы ереже мен Кітапхананы қолдану
ережесіне сәйкес қызмет көрсетеді.
6.2. Кітапхана мыналарға құқылы:
оқырмандарға берілген кітаптардың, басқа да материалдың кітапханаға
мерзімінде қайтарылуы үшін үнемі бақылау жасауға;
кітапхананы қолдану ережесін бұзған оқырмандарға айыппұл санкциясын
қолдануға;
оқырман баспа туындыларын жоғалтқан және пайдалануға жарамсыз еткен
жағдайда жауапты оқырмандар оларды сондай немесе кітапхана құны мен мазмұны
бірдей деп таныған басылымдармен алмастыруға, ал алмастыру мүмкін болмаған жағдайда
– олардың шынайы нарықтық құнын өтеуге міндетті. Әрбір жоғалған басылым үшін 10
есе нарықтық құнын алуға. Жоғалған баспа туындыларының құны кітапхананың мүлік
кітабында көрсетіледі. Оқырмандардың жоғалтқан және зиян келтірген
басылымдардың орнын толтыру уақытын кітапханашы белгілейді.
6.3. Кітапхана мыналарға міндетті:
өз қызметінде адамгершілік, саяси және идеологиялық, көппікірлілік
қағидаларын басшылыққа алуға;
оқырмандарға кітапхананың бүкіл қорын пайдалануына мүмкіндікті қамтамасыз
етуге;
кітапханада оқырманның жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға;
көрсетілетін қызметтің барлық түрі жөнінде оқырмандарға хабарлауға;
өз қоры мен көрсететін қызметін ашық жария етіп, кітапқұмарлықты дамытып,
ынталандыруға, кітапханаға барлық оқушылар мен қызметкерлерді тартуға шара
қолдануға;
кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсету мен кітаптарды насихаттауды
жетілдіруге, сондай-ақ компьютерлендіру мен озық технологияны енгізіп, бұл
мақсатта оқырмандармен жеке және жаппай жұмыс істеудің әртүрлі нысандарын
пайдалануға;
білім алушылардың оқуына басшылық жасап, олардың бойына кітапқұмарлықты
дарытып, үнемі білімін өздігінен жетілдіруге, білімге ұмтылысын оятуға;
кітапхана-библиографиялық білім негіздері жөнінде ауызша кеңестер мен
факультативтер өткізу жолымен оқырмандардың оқу мәдениетін көтеруге;
қорда бар кітаптарды, баспа басылымдары мен материалдарды белгіленген
ережелерге сәйкес есепке алып сақтауға, әрі пайдалануға;
ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі болып табылатын өз қорының сақталуы үшін
жауап беруге, оқырмандарға берілген кітаптардың кітапханаға уақтылы қайтарылуын
қадағалауға, оқырман пайдалану мерзімі өтіп кеткен бұрынырақ алған кітаптарын
өткізген соң ғана оған үйіне кезекті кітапты беруге;
кітаптарды, баспа туындыларының пайдалану мерзімі біткен соң 10 күннен кейін,
кітапханашы оны бір ай мерзімінде қайтару туралы ескерту жасайды. Егер баспа
туындылары бұл мерзімде кітапханаға қайтарылмаса немесе мазмұны мен құны бірдей
басылыммен ауыстырылмаса, онда оқырманнан осы баспа туындылары 10 есе мөлшерде
өндіріліп алынатыны туралы ескертіледі.
6.4. Оқырмандардың кітапханада сақталатын құжаттарды пайдалануын шектеуге
жол берілмейді.
Кітапхананың жұмыс кестесі:
·
Дс-Жм - 8.30-ден -18.00-ға дейін жұмыс жасайды.
·
Сб – 9.00 дан 12.00 ге дейін.
·
Үзіліс
12.00-14.00-ге дейін.
·
Демалыс күні –жексенбі.
·
Әр айдың соңғы жұмасы
күні – тазалық күн.
Кітапханашы: Рысбаева Ж.