1. Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі білім алушыларына мемлекеттік стипендиялар төлеу ҚР Үкіметінің, ҚР БҒМ нормативті құжаттарына және ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған білім алушыларға емтихан сессиясы немесе аралық аттестаттау нәтижелері бойынша білім алушылардың «жақсы», «өте жақсы» бағаларына сәйкес баға алғанда төленеді.
3. Академиялық демалыстан оралған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға мемлекеттік стипендияны тағайындау академиялық айырмашылық толық жойылған жағдайда академиялық демалыстан қайтып оралғаннан кейін бірінші академиялық кезеңнің аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
4. Басқа оқу орындарынан ауыстырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға мемлекеттік стипендияны тағайындау білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылық толық жойылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудан (емтихан сессиясынан) және каникулдардан кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап академиялық кезең, аралық аттестаттау мен каникул аяқталатын айды қоса алғанда, оның соңына дейін ай сайын төленеді. Бітіруші курстардың білім алушыларына мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарын бітіруіне байланысты оқудан шығарылған күніне дейін төленеді.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының шеңберінде білім алушыларға стипендия аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелеріне қарамастан төленеді.
7. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектерге, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) балаларға мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының нәтижелері бойынша академиялық берешегі болмаса ұлғайту ескеріліп төленеді.
8. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын білім алушыларға 21787 (жиырма бір мың жеті жүз сексен жеті) теңге мөлшерінде белгіленеді.
9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын көзі нашар көретін және құлағы кеміс мүгедектерге 75% үстеме төленеді
10. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қамқорлығындағы (қорғаншылығындағы) балалар қатарындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын білім алушыларға 30 % үстеме төленеді
11. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек "өте жақсы" деген бағалары бар білім алушыларға 15 % үстеме төленеді.