Ар-намыс кодексі Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжінің педагогикалық кеңесінде бекітілген этикалық ұстанымдар мен адамгершілік құндылықтардың іске асырылуы болып табылады
Студент - Қазақстан Республикасының патриоты. Ол Егемен Қазақстанның маңызды атрибуттары- рәміздерін құрметтейді.
Студент Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға, таңдаған мамандығында кәсіби шебер болуға, өз бойындағы үздік шығармашылық қасиеттерді дамытуға ұмтылады.
Студент үлкенді сыйлайды,қасындағыларға дөрекі мінез көрсетпейді.
Студент парасаттылықтың, мәдениеттіліктің, адамгершіліктің үлгісі, ол адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге төзбейді, адамдарды жынысына, ұлтына немесе діни ерекшілігіне қарай кемсітуге жол бермейді.
Студент салауатты өмір салтын ұстанады және барлық зиянды әдеттерден бас тартады.
Студент оқу орнының дәстүрлерін құрметтейді, оның мүлкін күтіп ұстайды.
Студент шығармашылық (ғылыми-біліми, спорт, көркемөнер және т.б.) белсенділікті дамытуға, корпоративтік мәдениетті және оқу орнының беделін көтеруге бағытталған барлық қызметтің қажетті және пайдалы екенін мойындайды.
Студент академиялық теріс әдеттердің барлық түрлерімен күресуді өзінің міндеті деп санайды: реферат, курстық жұмыс, дипломдық тағы басқа жұмыстар.
Студент сапалы және бәсекеге қабілетті білім ала отырып, Қазақстанның болашақ бетке ұстар, лайықты маманы болуы қажет.
Студент Туыстық немесе қызметтік қатынастарды пайдалана отырып себепсіз сабақтарды жіберуге және жоғары баға алуға ешқандай жол берілмейді.