Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжінде қазіргі таңда жалпы саны-958 студент білім алуда. Оның 208-і осы жылы бітіреді. Олардың ішінде-20 студент мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры, 112 студент-мейіргер, 62 студент – фельдшер, 14 студент тіс технигі мамандығы бойынша білім алуда.
Түлектерді жұмыспен қамтудың мақсаты: Кәсібін жетік білетін, сауатты, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерге ие, кәсіби өсуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
Жаңа заман болашақ маманның кәсіби дайындық деңгейіне жоғары талаптар қояды. Түлектердің жұмысқа орналасуын және уақытша жұмыспен қамтылуын жеңілдету мақсатында Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі төмендегідей қызмет бағыттарын белгілейді:
- колледж түлектерінің жұмыспен қамтылуын бақылау: түлектер туралы мәлеметтер базасын құру, түлектердің мамандық бойынша жұмыспен қамтылуы туралы ақпарат жинау;
- жұмыспен қамту мәселелерін шешу: емдеу алдын алу мекемелерімен және басқа жұмыс берушілермен, қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен өзара байланыс орнату, кадрларды даярлау сапасы туралы ақпарат жинау;
- кәсіптік бағдар беру қызметі: студенттердің ақпарттық жәрмеңкелерге, бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысуын ұйымдастыру.