Бүгінде Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі аймақтағы таңдаулы оқу орындарының бірі болып табылады, оның қабырғасында 6 мамандық, 7 біліктілік бойынша 954 студент мамандық меңгеруде. Колледж түлектері Қазақстанның әр өңірінде, облыс, аудан, ауылдық елді мекенді жерлерде жұмыс істеуде. Олар түрлі кәсіптегі орта буын медицина қызметкерлері: жалпы және балалар саласындағы мейірбикелер, медициналық және санитарлық фельдшерлер, акушерлер, зертханашылар, тіс техниктері. Медициналық колледждің түлектері жыл сайын Маңғыстау облысындағы және Жаңаөзен қаласындағы медициналық мекемелердің кадрлық құрамын толықтыруда.
2021/2022оқу жылы бітіруші студенттері тізімі
Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 0301013 біліктілігі «Фельдшер»