36 жылдық тарихы бар «Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі» бүгінгі таңда Маңғыстау облысында денсаулық сақтау саласына орта буын медицина қызметкерлерін дайындауда сүбелі үлес қосып отырған орта кәсіптік білім беру ордасы.
Қазақстан Республикасының қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамытуда жоғарғы білікті, кәсіби дағдыларды дамыған жаңа технологияларды және көптілді жақсы игерген, төтенше жағдайларға икемді, жаңа реформаларға атсалысатын орта буын медицина мамандарын дайындау барысында алдыңғы қатардағы Жоғары Медициналық колледж болып табылады.
Колледжде Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда келесі нормативтік құжаттар қолданылады:
- 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы»;
- 2015 жылғы 31 шілдедегі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің №647 бұйрығы «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы»;
- 2018 жылғы 31 қазандағы ҚР БҒМ №604 бұйрығы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы»;
- 2011 жылғы 20 сәуірдегі ҚР БҒМ №152 бұйрығы «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»;
- 2008 жылғы 18 наурыздағы ҚР БҒМ № 125 бұйрығы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
- 2016 жылғы 2 ақпандағы ҚР БҒМ №124 бұйрығы «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы»;
- 2020 жылғы 6 сәуірдегі ҚР БҒМ № 130 бұйрығы негізінде «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы».