Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі 2014 жылдан бастап дуалдық жүйеде оқытуды жүзеге асырып келеді. Дуалдық білім беру - колледжде білім алумен қатар өндірістік қызметі кезеңдерінің үйлесімділігін қарастыратын білім беру жүйесі болып табылады.
Медициналық мекемелер үшін - бұл өздеріне кадрлар даярлау, медициналық қызметкерлерді іздеу және іріктеу, оларды қайта оқыту және бейімдеу бойынша шығындарға үнемдеу мүмкіндігін береді. Шарттарға сәйкес, облыстың медициналық және фармацевтикалық мекемелері құрал -жабдықтарын пайдалану құқығымен дуалды оқып жатқан білім алушылар үшін оқытудың барлық түрлерін жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Практикалық базаларда білім алушыларға интернет көздеріне қосылған компьютерлі жүйе және оқу бөлмелері бар. Осыған орай, колледж денсаулық сақтау жүйесіндегі орта буын медицина мамандарын дайындауда дуалды оқытудың элементтерін ертеден-ақ қолданып келеді. Бұл элементтер, арнайы пәндер бойынша оқу бағдарламаларын дайындауда Индустриальды кеңес мүшелерімен, колледж оқытушыларымен және облыстың бас мамандары бірлесе отырып жұмыс жасауымен жүзеге асады.
Дуалды оқыту жұмыс берушілермен бірлесіп жасалған жұмыс бағдарламасына және оқу жоспарына сәйкес жоспарлы түрде жүргізіледі. Практикада модульдің бағыты/ мазмұны, бағалануы, оқытушы/тьютор, практика жетекшісі/ дәріхана меңгерушісі, тәлімгер/ментор және білім алушылардың қатысуымен анықталады. Студенттерді практикаға жіберер алдында жұмыс жоспары жасалып, білім алушыға оқу-әдістемелік құжаттар таратылады. Тьютордың, ментордың және білім алушылардың жүйелі байланысы орнатылып, күнделікті бағалау сұхбаты жүргізіледі. Білім алушы оқытудағы жалпы сағат көлемінің 60% аса уақытын медициналық мекемелерге клиникалық практика жинауға жіберіледі.
Студенттер медициналық мекемелерде практикадан өту кезінде практикалық жұмыс бағдарламасына сәйкес іс дағдыларды меңгереді және оқу өндірістік , кәсіптік практикадан толық өткен соң, әрбір студент күнделік толтырады, практикалық іс дағдыларын ментор бағалайды. Колледж қабырғасында арнайы пән оқытушыларымен практикалық дағдыларын көрсетіп, сараланған сынақтан өтеді, нәтижелері үлгерім ведомостері және едус платформасында тіркеледі.
Симуляциялық және клиникадағы практика сабақтарды өткізу үшін қажетті оқу-әдістемелік жабдықтар бар, оның ішінде дәрістер, сабақ тақырыптарына бейне, аудиопрезентациялар, студенттерге арналған әдістемелік ұсыныстар, ситуациялық тапсырмалар, рөлдік ойындар, әртүрлі күрделілік деңгейдегі тесттер түріндегі дидактикалық материалдар, тест тапсырмаларының жинағы бар.
Колледжде симуляциялық кабинеттер мен оқу кабинеттері, аудиториялар, техникалық, аудиовизуалды оқу құралдарымен, көрнекі құралдармен жабдықталған нұсқаулықтар, муляждар, слайдтар, медициналық жабдықтар, заманауи манекендер, оқу материалдарын қолдану оқу үдерісіндегі инновациялық технологиялармен теориялық білімдерін толықтай бекітуге және оқыту тақырыбына, көлеміне сәйкес келетін практикалық манипуляцияның барлық түрлері орындауға барынша мүмкіндік жасалған.