Салиха Насиголлакызы - Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжінің басшысы, 1974 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2002 жылы М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Академиясын «Педиатрия» мамандығы бойынша, 2019 жылы Атырау мемлекеттік университетін «Дефектология» мамандығы бойынша бітірген. Іскерлік әкімшілендіру магистрі. Маңғыстау облыстық медицина колледжінде 2004 ж. бері физиология пәнінен сабақ береді. Жоғары санатты физиология
пәні оқытушысы. Жалпы жұмыс өтілі – 23 жыл, 7 ай.
Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, өзін қамшылауға тиіс – дегендей, Салиха Насиголлакызының 20 жылдық ұстаздық еңбек жолының әр күнін, әр сағатын - еңбегінің нәтижелі болуына, шәкіртінің білікті болуына, еліміздегі сәбилердің денсаулығы мықты болуына, шәкірт тәрбиелеп, білікті маман даярлау – басты мақсаты болатын.
Білім беру біз үшін тек білімді тұлға даярлау емес - білікті маман даярлау, тағдырын бізге сеніп тапсырар – адам тағдырын шешу үшін күресетін тұлға даярлау – бұл аса жауапкершілікті талап ететін кәсіп.
Жаһандану кезеңінде елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылды. Оқу тәрбие жүйесіне нақты өзгерістер енгізілді.
Салиха Насиголлакызының мақсаты: рухани бай, жан – жақты дамыған, көптілділікті меңгерген, бәсекелестікке қабілетті маман тәрбиелеуге, білім беру. Елбасымыз: “Қазақстан – 2050” стратегиясында “Дамыған ел дегеніміз – азаматтары білімді, білікті, денсаулығы мықты азаматтардан тұрады”–деген болатын.
Білім берумен бірге шығармашылықпен жұмыстану Салиха Насиголлакызының жүйелі дағдысына айналған. Өз пәнінен облыс көлемінде әдістемелік нұсқаулар, оқу-әдістемелік құралдар, іс-әрекеттер жинағын дайындады. Автор өз еңбегінде ана тілімізде бірнеше медициналық пәндерді топтастыра отырып, комплексті түрде әр пәнге сипаттама жасаған. Жеке сабақтарды тақырыптары бойынша талдап, ғылыми көзқараспен нақты тұжырымдап, өзіндік жаңаша бағыт жолымен педагогикалық тұрғыдан сабақты өткізуге байланысты әдістемелік нұсқау – кеңес берген.
Салиха Насиголлакызы әрқашан ізденуде және білімін жетілдіріп тұрады:
- 2024ж. «Здоровое детства» ІІ үлкен Евразиялық педиатрия мектебі.
- 2024ж. «ISO сапа менеджменті жүйесін енгізу. Тұрақты даму, процестерді жетілдіру, сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін арыттыру», «PromMedOst» ЖШС.
- 2024ж. «Инновация» атты біліктілігін арыттыру. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
- 2023ж. «The training system of junior medical personnel in the UAE» Дубай.
- 2023ж. «Modern standards of Career and Technical Education in the USA» with a visit to New York.
- 2023ж. «Білім беру саласындағы менеджмент» «Bilim-orkenieti».
- 2023ж. «Білім берудегі менеджмент» «Talap» КЕАҚ.
- 2023ж. «Штаттан тыс тренері» «Talap» КЕАҚ.
- 2022ж. «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналы.
- 2022ж. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» Республикалық оқыту және біліктілікті арттыру орталығы.
- 2022ж. «Білім берудегі менеджмент» «Talap» КЕАҚ.
- 2021ж. «Метапән мәселесіне заманауи көзқарастар». ELAB.ASIA. ST.CORP.
- 2021ж. «Білім берудегі менеджмент» ҚР Білім және ғылым министрлігі.
- 2021ж. «Онлайн білім беру жүйесіндегі қолданылатын платформалар» «Uztaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы.
- 2021ж. «Uztaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік сайтында VUCA оқу әдістемелік материал жариялады.
- 2021ж. «TutorUP» журналында өз тәжірибесімен бөлісіп әдістемелік материалын жариялау. ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі.
- 2021ж. «Педиатриядағы инновациялық технологиялар», ЖШС «Самрұқ» Батыс Қазақстан орталығы.
- 2020ж. «Инклюзивті білім беру жүйесі, қазақстандық модельдік қиындықтары мен болашағы» «Uztaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы.
- 2020ж. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы қашықтықтан оқыту: контентін құрудан бастап оқу процесін ұйымдастыруға дейін» «Talap» КЕАҚ.
- 2020ж. «Инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің заманауи тәсілдері», «Самғау» Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау республикалық орталығы ЖШС.
- 2020ж. «ҚР маслихаттарының депутаттарын сайлау: сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қашықтықтан оқыту. ҚР ОСК.
- 2019ж. «Адами ресурстарды басқару» ДНЧР.
Салиха Насиголлақызы жаны жаңалыққа құмар, жаңашыл оқытушы болды. Іздену жұмысының тақырыбы: Тиімді тамақтану. Зерттеу жұмысына өз студенттерін де тартады. Студенттері облыстан жүлделі орынға ие болып, республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып жүлделі орындар алып келді. Зерттеген жұмыстарын оқытушы облыстық, республикалық, халықаралық журналдарға жариялап тұрады: республикалық журнал «Ақ желен» №2/06/2018 ж. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы»; журнал «Қазақстанның білім және ғылым әлемі» №7/101/2019 ж. «Гемостаз. Қан топтары және резус фактор».
Салиха Насиголлақызы колледждегі орта буынды медицина қызметкерлерінің біліктілігін арыттыру және қайта даяарлау бағытында үлкен жұмыс атқарды. Облыстағы емдеу алдын алу мекемелерімен тығыз байланыста болып, «Шұғыл көмек», «Медициналық сақтандыру» т.б. тақырыптарында біліктілігін жетілдіру курстарын өткізді.
Осындай атқарған жұмыстары үшін колледж әкімшілігінен, облыс әкімінің, облыстық білім және денсаулық сақтау басқармасынан марапаттары баршылық:
• 2024ж. Қазақстан РеспубликасыДенсаулық сақтау министрлігі Медициналық-техникалық колледжінің Алғыс хаты.
• 2024ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің Алғыс хаты.
• 2023ж. «AMANAT» партиясының Алғыс хаты.
• 2022ж. «Үздік педагог» Өрлеу өркендеу Хадықаралық ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналы Дипломы.
• 2022ж. «Гиппократ» Республикалық олимпиадасын белсенді ұйымдастырғаны үшін Алғыс хаты.
• 2022ж. Алматы облысының білім басқармасы «Алғысы».
• 2022ж. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Алғыс хаты.
• 2022ж. «Самғау.КZ» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы «Құрмет грамотасы».
• 2021ж. Республикалық байқау «Жылдың үздік директоры - 2021»
• 2021ж. Жаңаөзен қаласы әкімінің «Алғысы»
• 2021ж. Жаңаөзен қаласының әкімінің «Құрмет грамотасы».
• 2020ж. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы»
• 2020ж. Маңғыстау облысының білім басқармасы «Құрмет грамотасы».
• 2019ж. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы»
• 2019ж. Ұлттық бизнес рейтингісі бойынша Қазақстан Республикасы көшбасшы-кәсіпорындарының «Үздік – 10» кәсіпорындар қатарына енуіне байланысты, «Кәсіби танылу Орденімен» марапатталды
• 2019 ж . Облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы»
• 2018ж. Республикалық «Педагогикалық идеялар» панорамалық бейнесабақтар байқауы жүлделі 1 орын
• 2018ж. ІntOlimp.kz республикалық байқау І дәрежелі диплом
• 2018ж. «Жас ғалым» Республикалық журналының Алғыс хаты
• 2017ж. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы»
• 2017ж. «Жас ғалым» Республикалық журналының Алғыс хаты
• 2017ж. Бейнеу аудандық орталық аурухана директорының Алғыс хаты
• 2017ж. «Диплом лаурета» халықаралық білім беру сайты
• 2017 ж. «Шабыт» білім беру орталығы «Педагогтың үзік портфолиосы» І дәрежелі диплом.
• 2016ж. «Ең үздік топ жетекші -2016» құрмет грамотасы
• 2015ж. «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің Алғысы хаты, төсбелгісі.
• 2015 ж. «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің мүшесі
• 2015 ж «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің «Лидер образования» медалінің иегері
• 2015 ж.«Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің Дипломы, І дәрежелі Диплом
2019 жылдан бері Салиха Насиголлакызы колледж басшысының қызметін атқарып жүр. Бес жылдың ішінде колледж «Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі» атағын алып, «Қолданбалы бакалавриат» пен «Фармация» мамандықтарын ашты. Еңбек еткен жылдарында С.Насиголлакызы төмендегідей қызметтер атқарды:
✓ 2006 – 2019 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжінде «Орта буынды медицина қызметкерлері біліктілігін жетілдіру және қайта даяарлау» бөлімінің меңгерушісі;
✓ 2019-2024жылдар аралығында №93 сайлау округінің төрағасы міндетін;
✓ 2016-2024жылдар аралығында №5 Жаңаөзен мектеп-гимназиясының қамқоршылық кеңес төрайымы;
✓ 2015жылдан бастап Халықаралық ұзтаздар одағының мүшесі;
✓ 2010жылы Мед центр «Жалымбетов» медициналық орталығына басшының ұйымдастыру-әдістемелік мәселелері жөніндегі орынбасары;
✓ 2011-2013жылдары бюджеттік бөлім меңгерушісі;
✓ 2018жылы Халықаралық облыстық деңгейдегі « WORLDSKILLS» чемпионатының бас сарапшысы.
Колледж оқытушылары біліктілігін республика көлемінде, шет елдерде жетілдіріп, тағылымдамалардан өтуде. Колледж студенті Оңтүстік Корея еліне академиялық мобильнистпен барып тағылымдамадан өтіп келді.
Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды даму ұлттық зерттеу орталығының сараптау қорытындысы бойынша Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі 34 колледж ішінен 9 - орында тұр.
С.Насиголлакызы халықаралық Өрлеу-өркендеу журналы және «Жылдың үздік директоры-2021» республикалық материалдар жинағы, халықаралық білім беретін ғылыми әдістемелік, танымдық шығармашылық бағыттағы «TutorUP» журналында өз тәжірибесімен бөлісіп, материалдарын жариялады.