Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжінің білім алушысы колледжден шығарылуы мүмкін:
Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжінің білім алушыларына академиялық демалыстар беріледі:
Академиялық демалыс алу үшін білім алушы тиісті құжаттарды ұсынады және студенттерге қызмет көрсету орталығында өтініш толтырады.
Академиялық демалыстан қайтып келгеннен кейін білім алушы жеке өтініші негізінде басшының бұйрығымен білім алушылар контингентіне қайта қабылданады.Академиялық демалыстан келген соң білім алушы оқуын аталған демалысты рәсімдеген курстан бастап жалғастырады.
Курс және мамандығы бойынша сәйкес топтар болмаған жағдайда, білім алушы басқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыруы мүмкін.
Академиялық демалыс мерзімі аяқталғаннан кейін оқуын жалғастырмаған білім алушылар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымынан шығарылады.
Білім алушы пәндер (модульдер) бойынша айырмашылықтарды жою үшін ағымдағы оқу жұмысымен қатар академиялық кезеңде барлық сабақ түрлеріне қатысады, белгілі бір модульдің оқу тапсырмаларын орындайды (модульдік оқыту кезінде), аталған пәндер (модульдер) бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған ағымдағы және кезеңдік бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, рұқсат алады және академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңінде қорытынды бақылауды тапсырады.
Академиялық демалыстан оралған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға мемлекеттік стипендияны тағайындау академиялық айырмашылық толық жойылған жағдайда академиялық демалыстан қайтып оралғаннан кейін бірінші академиялық кезеңнің нәтижелерін аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.