Маңғыстау облысының жоғары медициналық колледжінің базасында


Маңғыстау облысының жоғары медициналық колледжінің базасында 2020 жылдың 19-20 мамыр аралығында  «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша өңірлік «Worldskills Aktau -2020» чемпионаты өтті. Чемпионатқа Маңғыстау облысының жоғары медициналық колледжінің, «Мейірбике», «Ақтау қалалық медициналық колледждері» атынан 2 өкілден алты қатысушы қатысты. Чемпионат алты модуль бойынша 3 аймақта екі күн аралығында өтті. Қатысушылар дәлелді мейірбикелік күтім бойынша өз шеберліктері мен кәсіби біліктіліктерін көрсетіп бақ сынады. Өңірлік чемпионаттың әділқазылар алқасының төрағасы  облыстық білім басқармасының өкілі Курмашева Ф.Ж, бас сарапшы ретінде Нуримова М.И. Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасының бас медбикесі, бас сарапшы орынбасары Урбисинова А. ЖШС «Жалымбетов К» медициналық орталығының аға медбикесі және әр қатысушы жағынан екі өкілден құралған сарапшылары қатысушылардың дәлелді мейірбикелік күтім бойынша өз шеберліктерімен кәсіби біліктіліктерін бағалады. Чемпионаттың қорытындысы бойынша қатысушылар Маңғыстау облысының білім басқармасының Дипломдарымен, сертификаттарымен марапатталды. 1 жүлделі орын, 1 дәрежелі Дипломмен және сертификатпен Маңғыстау облыстық медициналық колледжінің 3 курс студенті Муратбаева М. Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық медициналық колледж атынан чемпионатта белсенділік танытқан «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы Асенбаева Н.М. волонтерлер марапатталды. 1 ші жүлделі орынды  өңірлік «Worldskills Aktau -2020» чемпионттының жеңімпазы республикалық  Worldskills Kazakhstan чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша өңірлік «Worldskills Aktau -2020» чемпионаты  эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық санитарлық- гигиеналық нормаларды сақтай отырып онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды. Чемпионатқа «Мейіргер ісі» мамандығынан – 3 студент, «Емдеу ісі» мамандығынан 3 студент – қатысып, «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, нәтижесінде «МІ» 2 курс студенті Абу Аида «ЕІ» 3 курс студенті Атантаев Есболат 1 орынға ие болды. Сайыс 6 модуль бойынша өтті. Қатысушы студенттер және волонтерлер белсенділік танытты. Чемпионатқа қатысқан студенттерді, волонтерлерді колледж әкімшілігі дипломдармен, ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады. 

  

«Babyskills -2021» Байназаров Жалғас 3 сынып оқушысы II дәрежелі Диплом

 

2021 жылдың 31.03-15.04 аралығында Маңғыстау облыстық білім басқармасы және оқу әдәстемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Жаңаөзен қаласындағы зияткерлік мектебінде «Babyskills -2021» чемпионаты  өткізілді. «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы Асенбаева Н.М. зияткерлік мектебінің 3 сынып оқушысы Байназаров Ж «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша дайындап, мамандыққа деген қызығушылығын ояту мақсатында іс- әрекеттерін жасап көрсетті. Чемпионат қорытындысы бойынша қатысушы Байназаров Жалғас МОББ атынан Диплом және сертификатқа ие болды. 

Жарияланған күні: 17 маусым 2022



blog image

17 маусым 2022

Маңғыстау облысының жоғары медициналық колледжінің базасында

Маңғыстау облысының жоғары медициналық колледжінің базасында 2020 жылдың 19-20 мамыр аралығында  «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша өңірлік «Worldskills Aktau -2020» чемпионаты өтті. Чемпионатқа Маңғыстау облысының жоғары медициналық колледжінің, «Мейірбике», «Ақтау қалалық медициналық колледждері» атынан 2 өкілден алты қатысушы қатысты. Чемпионат алты модуль бойынша 3 аймақта екі күн аралығында өтті. Қатысушылар дәлелді мейірбикелік күтім бойынша өз шеберліктері мен...


blog image

17 маусым 2022

Ал Елордада...

Ал Елордада «Worldskills Kazakhstan» «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша медицина мамандары арасында республикалық кәсіби чемпионаты 2020 жылы енгізіледі. Worldskills чемпионаты бүгінде техникалық және білім беретін мекемелер арасында жыл сайын өткізілетін, жұмысшы мамандықтарының әуелетін арттыруға зор ықпал ететін бірден – бір сайыстардың бірі. 2019 жылы мамыр айында Маңғыстау облыстық медициналық колледжінде Маңғыстау облыстық білім басқармасы мен облыстық әдістемелік...


blog image

17 маусым 2022

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN» «МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КҮТІМ» ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ

Worldskills Қазақстан миссиясы - халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша жоғары, технологиялық өндіріс салаларын кадрлармен қамтамасыз етуді қалыпқа келтіру, кәсіби бағдар механизмдерін қосып, кадрларды дайындау, сараптамалық қауымдасдықтар қалыптастыру және өнімділігін арттыру. Worldskills Kazakhstan жобасының мәні - жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру. Оның еліміздің бәсекеге қабілеттігін арттыруға, инновациялық  дамуына  қосар үлесі зор. Бұл жоба жас...


×