Кабулова Аксауле Абылгазыевна
«Орта буынды медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау» бөлімінің меңгерушісі. «Анатомия және физиология», «Жалпы патология» пәндерінің оқытушысы.
Орта буын медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау келесідей мамандықтар бойынша жүргізіледі:
· «Емдеу ісі»
· «Акушерлік іс»
· «Мейіргерлік іс»
· «Зертханалық диагностика»
· «Стоматология»
· «Фармация»
· Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығына сәйкес Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың көрсету қағидаларын және Алғашқы көмекті көрсету стандартын бекіту бұйрығы бойынша медициналық емес қызметкерлерді (парамедиктерді)оқыту
Орталықта орта медициналық білімі бар денсаулық сақтау мамандары үшін біліктілікті арттырудың, кәсіби қайта даярлаудың барлық түрі, сондай-ақ семинарлар, шеберлік класстар өткізіледі.
Оқытуды тыңдаушылар контингентінің қажеттілігіне қарай мемлекеттік және орыс тілдерінде жоғары білікті мамандар жүргізеді. Оқыту қаланың медициналық ұйымдарының тапсырысы бойынша жүргізіледі.
Білім жетілдіру бөлімінде практикалық дағдыларды меңгеруге арналған симуляциялық жабдықтармен және тренажерлармен жабдықталған оқу кабинеттері бар. Біліктілікті арттыру бөлімі барлық заманауи талаптарға сай құрал-жабдықтармен және техникалық құралдармен жабдықталған
Мамандандыруға қажетті құжаттар тізімі:
1. Жеке куәліктің көшірмесі
2. Дипломның көшірмесі
3. Неке туралы куәліктің көшірмесі (дипломдағы және жеке куәліктегі тегі басқа болса)
4.Маман куәлігінің көшірмесі
5. Соңғы 5 жылда өткен мамандандырулардың көшірмелері
Семинарға, шебер-классқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
4. Маман куәлігінің көшірмесі
Деректемелер:
ГКП на ПХВ «Мангистауский областной высший медицинский колледж » Управление здравоохранения Мангистауской области
130200 г.Жанаозен, мкр. «Шуғыла» дом 21 б
Тел.факс -8-72934-72-646, 71-672.
РНН 430700001179
БИН 990640003575
ИИК KZ936010351000351438
Кбе 16
БИК HSBKKZKX
AO «Народный Банк Казахстана »
Эл.почта: momk@mail.ru
Біз оқудың түрлі нұсқаларын ұсынамыз:
— жұмыстан толығымен қол үзу;
— жұмыстан жартылай қол үзу;
— көшпелі циклдер;
— ақылы негіздегі циклдер
Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға біліктілікті арттыру туралы куәліктер беріледі.
Мекен-жайы: Жаңаөзен қаласы, Шұғыл шағын ауданы, 21Б.
Телефоны: 8/72934/72646, 71672
Электрондық пошта: : momk@mail.ru
Ескертпе:
· біліктілікті арттыру 60 сағат (1 кредит)/1 апта-1 тыңдаушыға оқу құны –12500 теңге;
· біліктілікті арттыру 120 сағат(2 кредит) /2 апта – 1 тыңдаушыға оқу құны -25000 теңге
26 желтоқсан 2022
17 қазан 2022