Worldskills Қазақстан миссиясы - халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша жоғары, технологиялық өндіріс салаларын кадрлармен қамтамасыз етуді қалыпқа келтіру, кәсіби бағдар механизмдерін қосып, кадрларды дайындау, сараптамалық қауымдасдықтар қалыптастыру және өнімділігін арттыру. Worldskills Kazakhstan жобасының мәні - жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру. Оның еліміздің бәсекеге қабілеттігін арттыруға, инновациялық дамуына қосар үлесі зор. Бұл жоба жас мамандардың кәсіби дағдыларымен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін үлкен бағыт. Қазақстандағы медицина мамандары арасында Worldskills республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты 2019 жылдан бері өтіп келеді.
«Worldskills Kazakhstan - 2019» Ягшыбаева Нұрсұлу «Алтын медаль» иегері
Модуль А. Медициналық ұйымда (ауруханада хосписте) дәлелді көмек көрсетуді.жүзеге асыру үшін мейіргерлік іс –шаралар жоспарын жасау.
Модуль В. Медициналық ұйымда (ауруханада) дәлелді көмек көрсетуді және жүзеге асыру үшін мейіргерлік іс –шаралар жоспарын жасау.
Модуль С. Медициналық ұйымда ( күндізгі ауруханада) дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру үшін мейіргерлік іс-шаралар жоспарын құру.
Модуль Д. Медициналық ұйымда (күндізгі ауруханада) дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру үшін мейіргерлік іс –шаралар жоспарын құру.
Модуль F. Үйде дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру.
Модуль Е. Үйде дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру.
«Worldskills Aktau -2017» Зиядинова Жадыра 1орын, «Worldskills Aktau -2018» Амангелдиева Ибадат 2 орын,
«Worldskills Aktau -2020» Мұратбаева Мөлдір 1 орын
Маңғыстау облысының жоғары медициналық колледжінің базасында 2020 жылдың 19-20 мамыр аралығында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша өңірлік «Worldskills Aktau -2020» чемпионаты өтті. Чемпионатқа Маңғыстау облысының жоғары медициналық колледжінің, «Мейірбике», «Ақтау қалалық медициналық колледждері» атынан 2 өкілден алты қатысушы қатысты. Чемпионат алты модуль бойынша 3 аймақта екі күн аралығында өтті. Қатысушылар дәлелді мейірбикелік күтім бойынша өз шеберліктері мен кәсіби біліктіліктерін көрсетіп бақ сынады. Өңірлік чемпионаттың әділқазылар алқасының төрағасы облыстық білім басқармасының өкілі Курмашева Ф.Ж, бас сарапшы ретінде Нуримова М.И. Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасының бас медбикесі, бас сарапшы орынбасары Урбисинова А. ЖШС «Жалымбетов К» медициналық орталығының аға медбикесі және әр қатысушы жағынан екі өкілден құралған сарапшылары қатысушылардың дәлелді мейірбикелік күтім бойынша өз шеберліктерімен кәсіби біліктіліктерін бағалады. Чемпионаттың қорытындысы бойынша қатысушылар Маңғыстау облысының білім басқармасының Дипломдарымен, сертификаттарымен марапатталды. 1 жүлделі орын, 1 дәрежелі Дипломмен және сертификатпен Маңғыстау облыстық медициналық колледжінің 3 курс студенті Муратбаева М. Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық медициналық колледж атынан чемпионатта белсенділік танытқан «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы Асенбаева Н.М. волонтерлер марапатталды. 1 ші жүлделі орынды өңірлік «Worldskills Aktau -2020» чемпионттының жеңімпазы республикалық Worldskills Kazakhstan чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша өңірлік «Worldskills Aktau -2020» чемпионаты эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық санитарлық- гигиеналық нормаларды сақтай отырып онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды. Чемпионатқа «Мейіргер ісі» мамандығынан – 3 студент, «Емдеу ісі» мамандығынан 3 студент – қатысып, «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, нәтижесінде «МІ» 2 курс студенті Абу Аида «ЕІ» 3 курс студенті Атантаев Есболат 1 орынға ие болды. Сайыс 6 модуль бойынша өтті. Қатысушы студенттер және волонтерлер белсенділік танытты. Чемпионатқа қатысқан студенттерді, волонтерлерді колледж әкімшілігі дипломдармен, ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады.
«Babyskills -2021» Байназаров Жалғас 3 сынып оқушысы II дәрежелі Диплом
2021 жылдың 31.03-15.04 аралығында Маңғыстау облыстық білім басқармасы және оқу әдәстемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Жаңаөзен қаласындағы зияткерлік мектебінде «Babyskills -2021» чемпионаты өткізілді. «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы Асенбаева Н.М. зияткерлік мектебінің 3 сынып оқушысы Байназаров Ж «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша дайындап, мамандыққа деген қызығушылығын ояту мақсатында іс- әрекеттерін жасап көрсетті. Чемпионат қорытындысы бойынша қатысушы Байназаров Жалғас МОББ атынан Диплом және сертификатқа ие болды.