Колледж тарихы


Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ МКК «Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі» Маңғыстау облысына орта буынды медициналық қызметкерлерін дайындау және қайта даярлау бойынша жалғыз мемлекеттік оқу орны. Колледж Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша білім беруді бақылау департаменті берген орта кәсіптік және қосымша білім беру саласындағы жалпы білім беру қызметін жүзеге асыру құқығында мемлекеттік № 0032376  лицензияға сәйкес жүзеге асырады (05 ақпан 2007 ж.).

Маңғыстау облыстық медициналық колледжінің денсаулық сақтау жүйесіне орта буында  мамандарды дайындау барысында 30 жылдан астам тарихы бар. ҚСРО Жоғарғы және орта арнаулы білім Министрлігі Кеңесінің 07/02/1985 ж. Және ҚСРО Денсаулық сақтау министрлігінің №119 бұйрығымен 11.03.1985 жылы «Новый Узень қаласының медициналық колледжі» ашылды. Училищенің бірінші директоры болып,  санитарлық дәрігер мамандығы бойынша білім алған, Қарақия ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері болып жұмыс істеген, Оскенбаев Құлжабек Өскенбайұлы тағайындалып, 1985 жылдан 1989 жылға дейін жұмыс жасады. 1985 жылы училище «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 240 адамнан тұратын студенттердің алғашқы тобы жиналды.

1986 жылы училищеде «Акушерлік ісі» мамандығы бойынша оқушылардың екінші тобы жиналды.

1989-1994 жылдар аралығында хирург Құдайбергенова Сауле Дәулетиарқызы медициналық училище директоры қызметін атқарды. 03.10.1990 ж. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының № 05 бұйрығымен, облыстың атауы өзгеруіне байланысты училище «Маңғыстау облыстық медицина училищесі» деп өзгертілді. Училище 1991 жылдан бастап республикада алғаш рет мемлекеттік тілде кадрларды даярлауды бастады, жыл сайын топтардың саны көбейе бастады. 1990 жылы «Фельдшер» біліктілігі бойынша «Емдеу ісі» мамандығы ашылды.

1994 жылдан 2001 жылға дейін колледжді стоматологиялық клиникада бас дәрігер болып жұмыс істеген, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, стоматолог Алкуатов Тимур Оразғалиұлы басқарды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 1996 жылғы 14 маусымдағы № 282 бұйрығымен оқу мекемесі «Маңғыстау облыстық медициналық колледжі» болып өзгертілді. 1997 жылы «Ортопедиялық стоматология» мамандығы ашылды. 1999 жылы «Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша оқыту басталды.

2001- 2019 жылға дейін колледжді ҚР Президентінің «Алғыс хат» иегері, жоғары санаттағы фармацевт-ұйымдастырушы, Қазақстан Республикасының ең үздік денсаулық сақтау қызметкері, Жаңаөзен қалалық мәслихатының үшінші шақырылымының депутаты, «Пирогов», «Өнеркәсіп көшбасшысы», «Маңғыстау мұнайгаз өндірісіне – 50жыл», «Маңғыстау облысына  40 жыл», - «Жаңаөзен  каласына 45 жыл» медалінің  иегері - Төлебек Тұрарбекұлы басқарды.

2019 жылдан бастап колледжді педиатр, жоғары санатты ұстаз, «Білім беру ісінің көшбасшысы» медалінің иегері, «Кәсіби Даңқ» орденінің иегері, ҚР Министрінің «Алғыс хатымен» марапатталған Салиха Насиғоллақызы басқарып келеді.

Маңғыстау облысы әкімінің 25.06.2021 жылғы № 147 қаулысымен Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны өз атауын өзгертті Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

2017 жылы колледж институционалдық (2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 053 ИА сертификаты) және мамандандырылған (2017 жылғы 11 желтоқсандағы СА сертификаты № 0038) аккредитациядан өтті.

  Қазіргі уақытта колледжде білім беру қызметі 6 мамандық және 7 біліктілік бойынша жүзеге асырылады:

Білім беру бағдарламаларының тізімі:

1. 09120100 – «Медицина», біліктілігі 4S09120101 – «Фельдшер».

2. 09130100 - «Мейірбике ісі», біліктілігі 4S09130103 -

  «Жалпы тәжірибелік медбике»

 біліктілігі 5AB09130101 «Мейірбике ісінің қолданбалы бакалавры».

3. 09130200 – «Акушерлік ісі», біліктілігі 4S09130201 «Акушерлік дәрігер».

4. 09110200 – «Ортопедиялық стоматология», біліктілік

  4S09110201 «Тіс технигі».

5. 09140100 – «Зертханалық диагностика», біліктілігі 4S09140101

«Медициналық зертхана».

6. 09160100 – «Фармация», біліктілігі 4S09160101 «Фармацевт».

Миссиясы:

Медициналық колледждің миссиясы – денсаулық сақтау мекемелерімен тең серіктестікте білім мен медицинаның соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, бәсекелестік ортада икемді және жауапкершілікті сезіне алатын мамандарды дайындау.

Болжамы  – еңбек нарығында білікті, бәсекеге қабілетті, өз ісін білетін, әлемдік стандарт деңгейінде кәсіби өсуге бағытталған, жаңашыл өзгерістерге тез бейімделетін, өз ойын еркін жеткізе алатын, өз халқының ұлттық тілін, мәдениетін, тарихын жетік білетін мамандар даярлау. 

Жарияланған күні: 17 маусым 2022
×