CИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ


Симуляциялық орталық 2014 жылдың қаңтарында  27.07.2007 жылғы ҚР «Білім  туралы Заңына, ҚР Президентінің 29.11.2010 жылғы» ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаласын бекіту туралы» жарлығына, ҚР үкіметінің 11.02.2011 жылғы №130 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы білім саласын дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» және Маңғыстау облыстық медициналық колледжі Стратегиялық жоспарына сәйкес құрылған.

  

Симуляциялық орталық студенттердің практикалық кәсіби дағдыларын колледждің іске асырып отырған орта кәсіби мамандықтар бойынша бекітілген жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес тренажерлерде, муляждарда, фактомдарда, манекендерде қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады. Симуляциялық орталық замануи механикалық тренажерлармен, манекендермен, фантомдармен жабдықталған, осы құрылғылардың арқасында науқаспен жұмыс жүргізудің практикалық дағдыларын шыңдап, болашақ маманның клиникалық ойлау қабілетін пысықтауға мүмкіндік береді. 

  

Симуляциялық орталықтың білім беру қызметі мамандарды үздіксіз кәсіби дамытуды модернизациялауға, ұйым арқылы тәжірибелік іскерлік пен дағдыны нығайтуға және диагностикалық , емдік процедураларды меңгеруге арналған симуляциялық оқытуды өткізуге, науқастарға күтім көрсету дағдыларын (семинар, шебер- сынып, тренингтер) сонымен қатар денсаулық  сақтау ұйымдарының қажеттіліктерін ескере отырып, қосымша білім беру қызметтерін ұсынуға бағытталған. 

Жарияланған күні: 21 маусым 2022
×