8(72934)72646 momk50@mail.ru
Маңғыстау облыстық медициналық колледжі

«Маңғыстау облыстық медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

«Маңғыстау облыстық медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1985ж. наурыз айының 11 жұлдызында ҚССР Денсаулық сақтау министрлігінің 11.03.1985ж. №149 бұйрығымен, 07.02.1985ж. ҚССР жоғары және орта арнаулы білім беру министрлігі коллегиясының қаулысымен ұйымдастырылып, «Новый Узень қаласының медициналық училищесі» болып атанды. Колледж атауын бірнеше рет өзгертті: • 03.10.1990ж. облыстың атауы өзгеруіне байланысты Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау бөлімінің №05 бұйрығының негізінде оқу орны «Маңғыстау облыстық медициналық училище» деп өзгертілді; • 1996ж. маусым айының 14 жұлдызында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №282 бұрығының негізінде оқу орны «Маңғыстау облыстық медицина колледжі» деп өзгертілді. • Кәсіпорын Маңғыстау облысы әкімінің 24.02.1999ж. №4 шешімінің негізінде құрылған; • 2002ж. қаңтар айының 18 жұлдызында «Маңғыстау облыстық медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны деп өзгертілді. Колледж Маңғыстау облысының аумағында білім беру қызметін облыстық бақылау Департаментінің 26.03.2013ж. №80 бұйрығына сәйкес №0032376 лицензия негізінде күндізгі оқу түрінде келесі мамандықтар бойынша жұмыс жасайды: 1. «Емдеу ісі» 2. «Акушерлік іс» 3. «Ортопедиялық стоматология» 4. «Мейіргер ісі» 5. «Лабораториялық диагностика» Орта буынды медицина мамандарын дайындау жөнінде сұраныс беруші Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы. Ақылы негізінде кадр дайындау жөнінде заңды жеке тұлғалармен келісім шартқа тұрады. Маңғыстау облыстық медицина колледжі тарихында белгілі бір орын алар жаңалықтар көп болды. Осы отыз бес жылда колледж 5000 түлек ұшырып, облысымыздың емдеу орындарына орта буынды медицина қызметкерлерін даярлап берді. Колледжді бітірген түлектердің 80% жұмысқа орналасып, тек облыс көлемінде емес, кең-байтақ еліміздің түкпір-түкпірлерінде халықымыздың денсаулығын сақтау және жақсарту саласында адал қызмет етіп жүр. Колледж оқытушылары «Білім және ғылым министрлігі» бекіткен арнайы орта буынды мамандарды даярлауда колледждерге арналған оқу бағдарламаларымен оқытушылардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруге, мамандарды даярлауға, озық тәжірибесін зерттеп, насихаттауға, білімін жетілдіруге мүмкіншілік береді. Колледжге келген оқушыларға әдістемелік жағынан дұрыс бағыт беріп, өздерінің озат тәжірбиелерін оларға ерінбей үйрететін, практиканы нәтижелі өткізетін жоғары білімді дәрігерлер мен мұғалімдер еңбек етуде, колледжде 25 оқытушы жұмыс жасайды, оның ішінде: • «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» – 3 • «Тәуелсіздікке 20 жыл» төсбелгісінің иегері – 1 • ҚР Денсаулық Сақтау, Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамота» иегері – 6 • Жоғарғы және бірінші санатты оқытушылар 90% құрайды. Колледжімізде тәжірибелік сабақ өткізуге қажетті клиникаға дейінгі кабинеттер оқушылардың дағдыларды толық меңгерулеріне сай жабдықталған: 1. Барлық кабинет саны – 32 2. Арнайы пәндер кабинеттер саны – 20 3. Жалпы білім беретін кабинет саны – 12 Оқу бөлімдері пән бойынша сабақ өткізуге қажетті оқу-әдістемелік кешендер, түсіндіру барысында және оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауларына арналған құрал-жабдықтармен, муляждар, фантомдармен жабдықталған. Сонымен қатар колледжде мейіргер ісін дамыту орталығы, симуляциялық кабинет жұмыс жасайды. Клиникаға дейінгі кабинеттерде оқушылар тәжірибелік іс-әрекеттерді өзбеттік жұмыстар арқылы орындаса, аурухана және емханалық тәжірибе сабақтарында науқастармен жұмыстар жүргізу арқылы өткізеді. Емдеу-профилактикалық мекемелерде оқушыларымызға жоғары білікті дәрігерлер тәжірибелік сабақтар өткізеді. Оқу-тәжірибелік сабақтардан кейін оқушылар емдеу мекемелерінде оқу-өндірістік, ал бітіруші топтар диплом алды тәжірибелерден өтеді. Тәжірибе соңында оқушыларға күнделікті істеген дағдылары бойынша күнделік толтырылып, баға қойылып, жеке мінездеме жазылады және тәжірибе соңында алдын-ала тағайындалған комиссия құрамына аттестация тапсырып қорытынды баға қойылады. Ал диплом алды тәжірибеден өткен оқушылар ауру тарихын және курстық жұмыстарын қорғайды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде колледж 2002, 2007, 2012, 2017 оқу жылында болған мемлекеттік аттестаттаудан жоғары көрсеткіштермен өтті. Бүгінгі таңда мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Соған жету үшін колледж ұжымы белсенді жұмыстануда.
Салиха

Колледж директоры

Байланыс телефоны 8729223040
Жемқорлықпен күрес